Қазақстанда өткен тәулікте 821 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Қазақстанда өткен тәулікте 821 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Қазақстанда өткен тәулікте 821 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде COVID-19-дан емделіп, сауығып шыққан қазақстандықтардың жалпы саны 139 843 адамға жетті. Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 733 жағдай тіркелді. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 152 460 жетті. 
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал төмендегідей: 
Шығыс Қазақстан облысында - 18681 (+49),
Алматы қаласында - 18163(+83),
Нұр-Сұлтан қаласында -18149(+57),
Атырау облысында - 13150(+133),
Қарағанды облысында - 11950(+39),
Батыс Қазақстан облысында - 9074(+39),
Павлодар облысында - 8842(+65),
Солтүстік Қазақстан облысында - 8394(+57),
Қостанай облысында - 7326(+62),
Ақмола облысында - 7026(+54),
Алматы облысында - 6905(+57),
Шымкент қаласында -5494(+4),
Жамбыл облысында - 4947(+17),
Ақтөбе облысында -3669(+4),
Маңғыстау облысында - 3667(+2),
Түркістан облысында - 3649(+10),
Қызылорда облысында -3374(+1).

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы тіркелді. Оған қоса 54 адам емделіп шықты. 
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45442, 490 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32830 жетті.