Қазақстанда өткен тәулікте 1302 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

Қазақстанда өткен тәулікте 1302 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

Қазақстанда өткен тәулікте 1302 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Осылайша, ел бойынша жазылғандар саны – 136 365 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 736 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 150 198.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей: 

Нұр-Сұлтан қаласы 17972  (+60)
Алматы қаласы 17885  (+95)
Шымкент қаласы  5473 (+3)
Ақмола облысы 6861 (+58)
Ақтөбе облысы 3657 (+11)
Алматы облысы 6726 (+61)
Атырау облысы 12806  (+62)
Шығыс Қазақстан облысы 18552 (+61)  
Жамбыл облысы  4900 (+15)
Батыс Қазақстан облысы 8963 (+29)
Қарағанды облысы 11836  (+37)
Қостанай облысы  7137  (+65)
Қызылорда облысы 3359 (+4)
Маңғыстау облысы 3639 (+12)
Павлодар облысы 8608 (+93)
Солтүстік Қазақстан облысы  8216 (+61)
Түркістан облысы 3608 (+9)

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 154 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 73 адам емделіп шықты. 
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 45 105, 486 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32 596 жетті.