Коронавирусты жоятын қондырғы ойлап табылды

Коронавирусты жоятын қондырғы ойлап табылды

Өзбекстандық өнертапқыш коронавирус инфекциясын жоятын қондырғы ойлап тапты. Олимжан Юсуповтың айтуынша, аппарат COVID-19-дың кез келген штамын бірнеше секундта өлтіре алады. Құрылғыны жасап шығару үшін 1,5 жыл бойы тер төккен.

Олимжон Юсупов, өнертапқыш:

- Бұл – биогенетик қондырғысы. Өзбекстан аумағында кең тараған. Біз аппаратты соңғы 1,5 жылдың ішінде жасап шығарып, бірнеше зертханада сынақтан өткіздік. Коронавирустың кез келген штамын ауа кеңістігінде де, сұйық күйінде де 100% жоя алатындай жетістікке жеттік. Бұл қондырғы арнайы электрондар бөледі. Кейін олар вирусты қоршап, РНК-сын жеп қояды.

Қондырғы коронавирус жұқтырып, ауруханада ем қабылдап жатқан науқастардың палатасына қойылған. «Нәтижесі көңіл қуантарлық», - дейді дәрігерлер.

Мадина Шахмурова, вирусолог-дәрігер:

- Бұл аппаратты біз COVID–19 жұқтырған науқастардың палатасына қойғанбыз. Олар үш күннің ішінде түрлі препараттардың ғана емес, дәл осы қондырғының арқасында ауруынан құлан таза айығып шықты. Сонымен қатар биогенетик құрылғысы қойылған зертханаларда қызметкерлердің вирус жұқтыру көрсеткіші де әлдеқайда азайды.

Дегенмен аппарат әлі халықаралық дәрежеде сыналып дәлелденбеген. Сондықтан өнертапқыштың ендігі мақсаты – халықаралық патент алу.