А. Цой: Жансақтау бөлімінде жатқандардың 95% – вакцина алмағандар

А. Цой: Жансақтау бөлімінде жатқандардың 95% – вакцина алмағандар

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Министр осы жағдайға байланысты халықты тағы да вакцина алуға шақырды.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- 1 ақпаннан бері коронавирус жұқтырғандардың жалпы санында вакцина алмаған науқастардың үлес салмағы 97,5% болған. Ал вакцина алғандардың үлесі –  2,5%. Коронавирус инфекциясын ауыр өткеріп жатқандар бойынша да жағдай осыған ұқсас. Реанимацияда жатқандар мен өкпені жасанды желдету құрылғысына жалғанғандардың 95% – вакцина алмаған адамдар. Осы айтылған деректер вакциналаудың тиімді екенін тағы да дәлелдеп тұр.  

Айта кетейік, бүгінде елімізде вакцинаның бірінші компонентін алғандардың саны 6,5 млн адамға жуық, ал екінші компонентін 5 млн-нан астам адам салдырды. Ведомство басшысының мәліметінше, Қазақстанда барлық екпе пунктінде бірінші компоненттің 1,4 млн дозасы, екінші компоненттің 940 мың дозасы бар. Жеткізу кесте бойынша жалғасып жатыр.