Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 бойынша 733 жаңа дерек тіркелді

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 бойынша 733 жаңа дерек тіркелді

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 бойынша 733 жаңа дерек тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, індетті жұқтырғандар саны Алматы қаласында көбірек анықталған. Мұнда 88 адам вирус жұқтырғаны белгілі болды. Екінші орында елорда: 75 адам індет ілмегіне іліккен. Антирейтингтің үшінші орнында 71 науқас тіркелген Шығыс Қазақстан облысы тұр. Барлығы республика бойынша 148 708 адамда коронавирус індеті расталған.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал төмендегідей:

Шығыс Қазақстан облысында - 18425 (+71),

Нұр-Сұлтан қаласында -17794(+75),

Алматы қаласында - 17700(+88),

Атырау облысында - 12685(+62),

Қарағанды облысында - 11764(+34),

Батыс Қазақстан облысында - 8907(+40),

Павлодар облысында - 8455(+66),

Солтүстік Қазақстан облысында - 8092(+64),

Қостанай облысында - 7007(+67),

Ақмола облысында - 6746(+59),

Алматы облысында - 6605(+49),

Шымкент қаласында -5463(+6),

Жамбыл облысында - 4870(+12),

Ақтөбе облысында -3642(+8),

Маңғыстау облысында - 3609(+18),

Түркістан облысында - 3591(+6),

Қызылорда облысында -3353(+8).

Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша 191 жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 93 адам жазылып шыққан.

1 тамыздан бастап барлығы 44 795 науқас, 481 өлім жағдайы тіркелді.  32 440 адам сауығып шықты.