Қазақстанда «Спутник Лайт» вакцинасы тіркелді

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрілігі ресейлік біркомпонентті «Спутник Лайт» вакцинасын тіркеді. Ведомствоның хабарлауынша, бұл – «Спутник V» екпесінің жеңіл нұсқасы.

Оның тиімділігі иммундаудан кейін 28-ші күннен бастап 79,4% құрайды. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша, біркомпонентті вакцина ұжымдық иммунитет қалыптастыруды жеделдетіп, халықты жаппай вакциналау мерзімін қысқартады. Сонымен қатар «Спутник Лайт» препаратынан кейін ешқандай жанама әсерлер байқалмаған.

Еске сала кетейік, бұл – Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген бесінші вакцина. Қазір халыққа «QazVac», «Спутник V», «Hayat-Vax» және «СоronaVac» вакциналары салынып жатыр. Сонымен қатар «Pfizer» компаниясымен вакцинаны ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында жеткізу туралы алдын ала келісім жасалды.