127 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

127 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 914 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 127 096 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 661  COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 142 986.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 17181

Алматы қаласы - 17124

Шымкент қаласы - 5439

Ақмола облысы - 6275

Ақтөбе облысы - 3585

Алматы облысы - 6264

Атырау облысы - 12146

Шығыс Қазақстан облысы - 17890

Жамбыл облысы - 4730

Батыс Қазақстан облысы - 8607

Қарағанды облысы - 11510

Қостанай облысы - 6469

Қызылорда облысы - 3325

Маңғыстау облысы - 3510

Павлодар облысы - 7805

Солтүстік Қазақстан облысы - 7579

Түркістан облысы – 3547

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 22 жағдайы  және 2 өлім жағдайы  тіркелді. Оған қоса 90 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 43 974, 466 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны  31 609 жетті.