«Астана Опера» ашық аспан астында тегін концерттер береді

Асқақ өнерді сағынған қауымның құлағына алтын сырға! «Астана Опера» театры жазғы open-air концерттер топтамасын бастайды. Сахна саңлақтары 13 маусым мен 6 шілде аралығында ашық аспан астында өнер көрсетеді. 10-ға жуық концерттен тұратын бағдарлама театр қорындағы Вивальдидің «Жыл мезгілдері» мен «Опера Гало» сынды жауһарлы туындылардан құрылған. Ол ересектер мен балаларға қызықты болатындай етіп ойластырылған. Көпшілік назарына операның белгілі ариялары, танымал халық әндері, романстар мен аспаптық пьесалар ұсынылады. Елордалық өнер шаңырағының бірегей жобасы – «PICCOLO» театры Доницеттидің «Дон Паскуале» екі бөлімді драмасын қояды.

Сондай-ақ ауқымды бағдарлама аясында Италия, Швейцария, Жапония, Ресей мен Чехиядан келген шетелдік әртістердің өнері көрермендерге жасалатын көптеген тосын сыйдың бірі болмақ. Елорда тұрғындары мен қонақтары Мәмбетов көшесіндегі Аффари және Орталық қалалық саябақтағы амфитеатр сахнасында асқақ өнермен қауыша алады. Концерттер тегін.

Азамат Жылтыркөзов, «Ас­тана Опера» мем­­лекет­тік опера және ба­лет театры опе­ра труп­пасының меңге­­рушісі:

- Қазір әліде театрға келу шектеулі, санитарлық нормаларға сай, көп көрерменді қабылдай алмаймыз. Біздің әртістер де көп көрерменнің келуін аңсайды. Сол себепті сыртқа шығып, ашық алаңда, санитарлық нормалардың бәрін сақтап, таза ауада, жанды дауыста, жанды оркестр мен хор өнер көрсетеді. Бұл – халықты жоғары қлассикалық өнермен қауыштыру және жоғары мәдениетке жақындату. Бәріміздің қауіпті жағдайда жүргенімізге бір жылдан асып кетті ғой. Бұл – біздің әртістер үшін де, театрымыздың труппасы үшін де өте үлкен серпіліс.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов