«Мерейлі отбасы» байқауына жаңа өзгерістер енді

Биыл 17 отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаты атанады. Бұған дейін тек бір әулет жеңімпаз деп жарияланатын. Іс-шараны өткізудегі жаңа өзгерістер туралы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның орынбасары хабарлады. Ләззат Сүлеймен елімізде байқау жетінші рет өтіп жатқанын атап өтті. Осы жылдар ішінде оған 15 мыңнан астам отбасы қатысқан. Бұл ерекше фестиваль адамгершілік құндылықтарын жандандырып, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, байқауға еңбек, спорт, шығармашылық, интеллектуалдық және ғылым салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізген отбасылар қатысады.

Құжат қабылдау 15 маусымға дейін жалғасады. Ал лауреаттарды марапаттау рәсімі қыркүйек айында Отбасы күні қарсаңында өткізіледі.