Алматыда Әлібек Дінішев атындағы фестиваль өтуде

Алматыда КСРО Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Дінішевтің мерейтойына арналған театр фестивалі басталды.  Өнер кеші Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсымен ашылды. Бұл спектакль кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі дәл осы қойылымда Әлібек Мұсаұлы Ленскийдің партиясын орындаған.

Бұл өзіндік классик-модерн, себебі онда әртістердің ойынын күшейтетін бейнеграфика мен проекцияның жарық шешімдері және спектакль кезінде үнемі өзгеріп тұратын декорациялар кезедеседі. Осының бәрі сайып келгенде пушкиндік ауыл атмосферасына, тіпті алма бағының иісіне дейін толық енуге мүмкіндік береді.

Шихимардан Абилов, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының көркемдік жетекшісі:

- Жаңа қойылым ерекше және қызықты. Мен көптеген қойылымдарды тамашаладым, бірақ бұл ерекше. Бейнелер , жарық беру өте тамаша. Декорация да өзгеше, керемет. Жаңа нәрсе, көрермендерді, тіпті, солистердің өздерін де таң қалдырады. Біз болашақ жастарымызды осындай классикаға баулуымыз керек.

Фестиваль аясында романстар мен әскери әндер шырқалатын «Мамыражай күндерде...» концерті өтеді. Сондай-ақ көрермен Джузеппе Вердидің «Травиата» операсының жаңартылған нұсқасын күтуде. Кеш бағдарламасында театрдың негізгі репертуары мен мәдени мұраның алтын қоры саналатын  опералық қойылымдардан ариялар орындалады. Айтпақшы, фестиваль Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрында ұйымдастырылды. Қойылымдарды тамашалау «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Авторы: Гүлбану Тәжібек