«Абай жолы» телехикаясы «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығын жеңіп алды

«Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Абай жолы» телехикаясы «Үздік телевизиялық сериал» номинациясы бойынша «Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығын жеңіп алды.

«Абай жолы» телетуындысының барлық бөлімін Хабар SHOW ютуб арнасынан көре аласыздар.

«Абай жолы» сериалы тарихи драма жанрында түсірілген. Алты тараудан тұратын көркем туынды қос ғасырдағы тау тұлғалар Абай – Мұхтар өмірінен және «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылу тарихынан сыр шертеді.

Қоюшы-режиссері: Мұрат Есжан Сценарий

авторлары: Мұрат Есжан, Ұларбек Нұрғалымұлы, Мақпал Мадиярова

Бас продюсері: Айсәуле Әбілдаева

Продюсері: Батыр Сазаханов

Рөлдерде:

Абай – Айдос Бектемір

Мұхтар Әуезов – Сәкен Жақсылықұлы

Мұхтар Әуезовтің жас кезі – Нұрлан Әлімжанов

Қайым Мұхамедханов – Еркебұлан Дайыров

Ғалия, сценографист – Кәмшат Жолдыбаева

Ақпарат көзі: 24kz