Нұр-Сұлтанда «Ұлы дала: сана еркіндігі» атты көрме ашылды

Елордада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ұлы дала: сана еркіндігі» атты көрме ашылды. Шараны ұйымдастырушы халықаралық деңгейдегі суретші – Маржан Әбілдина. Оның айтуынша, бұл көрме өзінің еңбектеріне ғана емес, шәкірті Ева Верченконың да туындыларын көпшілікке таныстыруды көздейді. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен көрмесіне 66 туынды таңдалған. Картиналар қазақ жерінің кеңдігінен, әсемдегі мен сұлу табиғатынан сыр шертеді.

Маржан Әбілдинасуретші/ұйымдастырушы:

- Біз бұл көрмені алда келе жатқан мерекелер қарсаңында қала тұрғындары мен елордамыздың қонақтарына сый ретінде ұйымдастыруды ұйғардық. Шәкіртім 6 жыл өнер мектебінде оқыды және осы жылдар аралығында түрлі картиналар салды. Сол дайын картиналардың ішінен елімізге деген махаббатты көрсете алатын, Қазақстан табиғатының тақырыбына сай келетін 12 картинаны іріктеп алдық. Осылайша, балалар өнер арқылы Отанға деген патриоттық сезімдерін білдіре алатынын түсінсе дейміз. Сондай-ақ көрмеде қойылған 44 картина – менің шығармаларым. Олар Германияда, Францияда, Оңтүстік Кореядағы көрмелерде болып қайтқан. Сонымен қатар пандемия кезінде Қазақстанда көп жұмыс істедім. Оларды да көрмеге қоюды ұйғардым.

Мерекелік көрме мамыр айының соңына дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар карантиндік шараларға орай көрмені әлеуметтік желі арқылы онлайн форматта тамашалауға болатын айтады.

Авторы: Ақзер Сегізбай