Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің халықаралық фестивалі басталды

Коронавирус пандемиясы архитектураға өз әсерін тигізері анық. Қазақстанда өз жұмысын бастаған Х халықаралық еуразиялық сәулет-дизайн және дизайнерлік мектептер фестивалінің қатысушылары осындай ойларымен бөлісті. Дәстүрлі іс-шараны биыл Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Новосібір мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті бірлесіп онлайн форматта ұйымдастырды. Фестивальде бас қосқан сәулетші мамандар болашақта ғимараттарды түрлі вирустардың таралуы жағдайында қауіпсіз әрі қалыпты өмір сүруге болатындай етіп жобалау жолдары іздестірілетініне сенімді.

Айдар Татығұлов, «Kazgor» жобалау академиясның президенті:

- Қазіргі тұрақсыз жағдай, бір жағынан, көптеген кедергі тудырғанына қарамастан, екінші жағынан, жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өткім келеді. Мысалы, шараның онлайн өтуі қатысушылар санын көбейтуге мүмкіндік берді. Құрылыс-сәулет білімінің маңыздылығы туралы айтқым келеді. Алдағы уақытта ол өзгеріске ұшырайтыны хақ. Пандемияның болашақта ғимараттардың сырт-сипатына әсер ететіні сөзсіз. Менің ойымша, мұның барлығын, қандай өзгерістер болатынын талқылау керек. Жаңа трендтерді ескеру қажет.

X халықаралық еуразиялық сәулет-дизайн және дизайнерлік мектептер фестиваліне әлемнің 16 мемлекетінен 70-ке жуық жоғары оқу орнының өкілдері қатысуда. Халықаралық шара Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының 40 жылдығына, Қазақстандағы сәулет білімінің 60 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Авторы: Ақзер Сегізбай