«Астана Опера» театры елорда көрермендеріне жаңа гала-бағдарлама ұсынды

24.kz

«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова талғампаз көрерменге екі бөлімді жаңа гала-бағдарлама ұсынды. Әйгілі балетмейстр асқақ өнерді бағалаушы жандарға әртістердің жаңа есімдерін паш етіп, классикалық әрі ұлттық нөмірлермен керемет үйлесетін әлемдік заманауи хореография жауһарларын таныстырды.

Елордалық көрермен киелі сахнадан жас өнерпаздармен қатар, балет өнерінің корифейлерінің де өнерін тамашалай алды. Соның ішінде Шығыстың ғажайып ертегісі «Шехеразада» балеті заманауи хореографиямен үйлесімдік тауып, көрермен көзайымына айналды.

ГАУХАР УСИНА, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

- Мен үшін бұл қойылым өте қызық. Себебі мұндағы Шехеразаданың ролі өте әдемі, әйел адамның болмысын әдемі жеткізеді. Сондықтан сахнаға ерекше әсермен, қуана шығамын. Жалпы рольді, кейіпкерімнің бейнесін ашу қуаныш сыйлайды. Мен өз кезегімде әрдайым ролімді 100 процентке жеткізуге тырысамын. Өзімнің бейнемді, өз ойымды ғана емес, сырттай бақылаймын. Барлық ескертулерді ескеріп, барлық бейнелерді сырттай бақылып барып, өз ролімді сахнаға алып шығамын.

×