Қазақстандық режиссердің «Әйел» фильмі туралы халықаралық басылымдар жазуда

Қазақстандық режиссердің «Әйел» атты туындысы шетелдік шолушылардың назарын аударды. «Qazaq TV» телеарнасының тапсырысымен түсірілген режиссер Қанат Бейсекеевтің деректі қысқаметражды фильмі әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын қозғайды. Ол ұлт пен жасқа қарамайды, дейді туынды авторы.

Пандемия мен карантин кезінде отбасылық ұрыс-керіс оқиғалары тіптен жиілеп кетті. Демек, зорлық-зомбылық жасайтындар мен олардың әрекеттерінен зардап шеккендердің психологиясы туралы ашық айтатын кез жетті. Қазақстандық режиссердің фильмі жөнінде бірден бірнеше халықаралық басылым жазып үлгерді. Оның ішінде «Novastan» ақпараттық агенттігі туынды авторын сұхбатқа тартты. Қанат Бейсекеев журналистермен болашаққа деген жоспарымен бөлісіп, қазіргі таңда шығармашылық ізденіс үстінде екенін айтты.

Авторы: Ақзер Сегізбай