«Астана Опера» театрында «Спартак» балеті қойылды

Елордада кезекті мәдени шара салтанат құрды. Бұл жолы «Астана Опера» театрында әйгілі Арам Хачатуряннның кеңге танымал «Спартак» қойылымы сахналанды. Балет желісі біздің заманымызға дейінгі I ғасырдағы Римнің өмірі жайында баяндайды. Ондағы бар көріністер нақты тарихи деректерге негізделіп жасалған. Қойылымда батылдық, шындық үшін күрес, махаббат сынды мәңгілік тақырыптар қозғалады. Автор тарихи тұлғалардың бейнесін ашып, ауқымды сахналық көріністерді шебер қоя білген. Спектакль бастан-аяқ әсем музыка мен хореографияға толы. Осының бәріне ауқымды әрі әсерлі  декарация үндесе өрілген. Балет үш кезеңнен тұрады. Жалпы әлемде кеңге танымал қойылымның 20-ға тарта нұсқасы бар.