Д. Құдайберген АҚШ Президенті Д. Байденнің ұлықтау апталығының ашылуында ән айтты

Қазақтың халық әні «Самалтау» қобыз бен сыбызғының сүйемелдеуімен АҚШ-тың 46-шы Президенті Джо Байденнің инаугурациясына арналған аптаның ашылуында шырқалды. Оны танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген орындады.

Әртістің орындауындағы әнді талғампаз тыңдарман кеше онлайн форматта тамашалай алды. Америка Құрама Штаттарының жаңадан сайланған Президенті Джо Байденнің инаугурациясы 20 қаңтарда өтетінін атап өткен жөн. Сол күні Димаш тағы да көрерменге өз өнерін көрсететін болады. 

ЛЕРОЙ АЛЛАЛА, SISTER CITIES INTERNATIONAL БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Димаш, сіздің арнайы қатысқаныңызға, сіздің бізбен өзара ынтымақтастығыңызға, сондай-ақ әлемдегі адамдардың басын біріктіруге ықпал ететін тамаша дауысыңыз бен талантыңызға алғысымды білдіремін!