«Астана Опера» әртістері халықаралық байқауларда топ жарып жүр

«Астана Опера» театрының сахна саңлақтары кезекті маусым ашылғалы беделді халықаралық фестивалдердің 28 жүлдесіне іліккен. Карантиндік шектеу шараларына қарамастан, саланың үздік майталмандарын саралайтын байқаулардың үзілмегенін айта кету керек. Тек ол сындар талапқа сай онлайн режимінде ұйымдастырылып келеді.

«Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедияровтың айтуынша, шығармашылық ұжым кәсіби деңгейлерін жаһандық деңгейде танытып жүр. Олардың қатарында солистермен бірге оркестр музыканттары мен концертмейстерлер бар.

Еске салайық, бұл – өнер шаңырағының 8-ші маусымы. Ұзақ үзілістен кейін өнер ұжымы көрерменмен қайта қауышып, шеберліктерімен тәнті етуде.

ҒАЛЫМ АХМЕДИЯРОВ «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Әрине, кешенді бағдарламаларға қанық театр өмірімен бірге түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуды қатар алып жүру оңай емес. Бұл орайда біздің әртістер жылдағыдай өздерінің жоғарғы кәсіби деңгейлерін дәлелдеп келетіні қуантады. Театр маусымының екінші жартысы да осындай табыстарға толы болады деп үміттенеммін. Классикалық өнер сүйер қауымды алда талай жаңалықтар мен біздің ұжымның жеңістері күтіп тұрғанына сенімдімін.   

Авторы: Жеңіс Ермұқанов