Қытайда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Қытайда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Егемен Қазақстанның фотошежіресі. Қытайда еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды. Суреттер шартты түрде үш онжылдыққа бөлініп, егеменді республиканың қалыптасуы, мемлекеттіліктің нығаюы, экономикалық өрлеуі мен даму кезеңдері сияқты тақырыптарды қамтыды. Шара барысында күмбірлеген домбыра үні мен қобыздың әсем әуені қонақтарды қазақ даласын ойша саяхат жасатқандай болды.

Чжан Хуа, Қытай халықаралық жастар алмасу орталығы төрағасының орынбасары:

- Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан таңғаларлық табыстарға қол жеткізді. Көрмеде елдеріңіздің өткен кезеңдегі қалыптасып, дамуындағы даңқты жолын тамашалай алдық. Келесі жылы біз дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Елдеріміз ынтымақтастықты, оның ішінде Қытай мен Қазақстан арасындағы достықты тереңдетуге өз күші мен қуатын жұмсай алатын жастар өзара іс-қимылын одан әрі нығайтады деп сенеміз.