Әйгілі кинорежиссёр Эмир Кустурица Алтын Орда туралы фильм түсіреді

Әйгілі кинорежиссёр Эмир Кустурица Алтын Орда туралы фильм түсіреді

Әлемге әйгілі кинорежиссер Эмир Кустурица Қазақстанда Алтын Орда туралы фильм түсіреді. Түсірілім 2022 жылға жоспарланған. Бұл туралы Қазақстан киносының ІІІ фестивалінде өткен онлайн-конференция барысында белгілі болды. Ұлттық кинематографияны қолдау жөніндегі мемлекеттік орталықтың басқарма төрағасы Есетжан Қосубаев атап өткендей, бұл бюджеттік және мазмұндық жағынан халықаралық нарыққа бағдарланған тарихи фильмдер қатарына қосылмақ.