«Астана Опера» театры Алматыда өнер көрсетті

«Астана Опера» театры Алматыда өнер көрсетті

Классика және заманауи би. «Астана Опера» театрының балет труппасы Абай атындағы Қазақ ҰАОБТ сахнасында Алтынай Асылмұратованың авторлық бағдарламасын ұсынды. Алматылық талғампаз көрермен алғашқы күні «Дон Кихот» балетінен Сыған биін, Steppe Sons «Қорқыт» мәнерлі шығармасын, сондай-ақ ұлттық тақырыпқа арналған Ринат Гайсиннің музыкасына жазылған «Дала үні» балетін тамашалады. Ал концерттің екінші бөлімінде елордалық әртістер Раймондо Ребектің хореографиясындағы «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» атты бір бөлімді балетін орындады. Осылайша алматылық өнерсүйер қауым ескірмейтін классика мен жарқын заманауи хореография нөмірлерін бағалай алды.

Бахтияр Адамжан, «Астана Опера» театрының жетекші солисі:

- Алматы қаласының көрермендерін қатты жақсы көреміз, өте өнерсүйер қауым. Өнерді бағалай білетін, деңгейін ажырата білетін халық болғандықтан жаңалықтарымызбен бөлісейік, театрымыздың деңгейін көрсетейік деп осы жаққа келіп тұрған жайымыз бар. Дайындық жұмыстары керемет өтті. Біз бұл қаланың көрермендерін қатты сыйлаймыз. Нұр-Сұлтан қаласында елордалық көрермендерімізге бұл қойылымды екі рет көрсеттік. Дұрыс емес жерлерін тазалап, түзеп осы жаққа жоғарғы деңгейде әкелуге 2 аптадай уақыт кетті.

Авторы: Ақзер Сегізбай