Жұлдыз Әбдікәрімова «Әлем ханымы – 2020» байқауында қалай жеңіске жеткенін айтып берді

neonomad.kz

Қазақстан «Әлем ханымы» байқауында алғаш рет жеңіске жетті. Аталмыш байқауда оза шапқан Жұлдыз Әбдікәрімова 2020 жылғы әлемнің ең сұлу ханымы атағын қалай жеңіп алғанын айтып берді. Байқау онлайн-форматта өтті. Қатысушы нәзік жандыларға қойылған басты талаптардың бірі өзі туралы бейнепрезентация жіберу. Айта кеткен жөн, бірінші қазылар алқасының таңдауы 148 үміткердің ішінен Жұлдызға түскен. Содан кейін барып төрт баланың анасы дауыс беру арқылы жеңіске жетті.

Әлемдік байқау жеңімпазының айтуынша, алға қойған жоспар көп. Ең алдымен, қайырымдылықпен айналысу және аналар үшін тегін онлайн-тренингтер өткізу. Сондай-ақ, Жұлдыз өзінің жеңісін танымал жолдасымен байланыстырғандарға да жауап бере кетті. Оның айтуынша, жеңіске жетуге күйеуінің көмегі тиген. Атақты әншінің миллиондаған жанкүйері Қазақстан атынан қатысқан Жұлдызды барынша қолдауға асыққан. Алайда, әлемдік байқаудың еліміздегі өкілінің сөзінше, Жұлдыз Әбдікәрімованың жеңіске жетуге толық мүмкіндігі болған.

АРАЙ АЛИМХАН, «ӘЛЕМ ХАНЫМЫ – 2020» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Біз Жұлдыз екеуміз «әлеуметтік желіге бізді қолдаңыздар деп күнде пост салмайық, әйтпесе сайтта кідіріс болуы мүмкін» деп келісіп алған болатынбыз.

- Яғни, шынымен де желіге жазылушылар мен жанкүйерлердің арқасында ғой?

Әрине, Жұлдыздың жанкүйерлерінің, сондай-ақ, «Қазақстан алға» деп ұрандатқан азаматтардың арқасы

ЖҰЛДЫЗ ӘБДІКӘРІМОВА, «ӘЛЕМ ХАНЫМЫ – 2020»:

– Бізге енді профиссиональдық деңгейде команда жұмыс істегеннен кейін, командамен бірігіп – біз енді «Әлем ханымы – 2020-ға» қатыстық. Қанжығамызға байладық бас жүлдені. Өте қуаныштымын. Әрине, Алланың қалауымен, бізді қолдаған барша халықтың арқасында деп ойлаймын.

×