Қазақстандық суретші пандемия туралы 300-ге жуық картина салды

Қазақстандық суретші пандемия туралы 300-ге жуық картина салды

«Пандемия. Шектеу. Самғау...» Елордада осындай өзекті тақырыпта қазақстандық танымал суретші Жеңіс Нұрлыбаевтың көрмесі өтті. Өнерсүйер қауым назарына оқшаулау кезінде салынған туындылары ұсынылды. Суретші адамның эмоционалды-психологиялық жағдайын тордан шығып, қанатын кеңінен жайып ұшып баратын құс ретінде көрсетті. Шебер соңғы жарты жылда 300-ге жуық картина салған, алайда көрмеде оның тек 60-ы ғана таныстырылды. Автор өз шығармаларын әртүрлі әдістермен салған. Оның ішінде акварель, акрил, шарлы қалам, компьютерлік графиканы пайдаланған.

Айта кетейік, Жеңіс Нұрлыбаев – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Президент сыйлығының лауреаты, сондай-ақ отандық және әлемдік суретшілер туралы «Ақ зер» кітабының авторы.

Жеңіс Нұрлыбаев, суретші:

- Үйде қамалып отырған кезде мына тордың ішінде отырған бейнесі бар картина дүниеге келді. Шыға алмаймыз, не кіре алмаймыз дегендей... Есік, терезе ашық болса да, шыға алмаймыз. Өнер иесін қанша жерден шектесе де, оның ішіндегі шығармашылық үрдістің тоқтамай жүріп жататындығын, ұшатындығын жеткізгім келді. Егер сұраныс болатын болса, басқа галереяларда да көрсету, шетелге шығару ойда бар.

Авторы: Ақзер Сегізбай