Қазақстандық опера әншісі әлем жұлдыздарымен бірлескен жобаға қатысты

Қазақстандық опера әншісі әлем жұлдыздарымен бірлескен жобаға қатысты

Қазақстанның вокалдық классикалық өнері тарихындағы бірегей оқиға. Республиканың Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының опера труппасының директоры Азамат Жылтыркөзов әлемдік деңгейдегі жобаға қатысып, Винченцо Беллинидің «Пуритандар» шығармасының аудиожазбасын әзірлеуге үлес қосты. Атақты туындыны қазақстандық өнерпазбен бірге тенор Лоуренс Браунли және сопрано Сара Кобурн сынды бельканто жұлдыздары орындады. Шетелдік сарапшылардың айтуынша, іріктелген құрамнан ең мықты ұжым қалыптасты. CD-диск жазу идеясы – Нью-Йорк операсының музыкалық директоры Константин Орбелянның бастамасы.

Азамат Жылтыркөзов, «Астана Опера» опера труппасының директоры:

- Винченцо Беллинидің «Пуритандар» аудиожазбасында Рикардо партиясын орындадым. Менімен бірге америкалық және еуропалық әншілер де қатысты. Осы жобаға қатысу арқылы жаңа тәжірибе жинап, шетелдік әріптестеріммен таныстым. Осы тектес халықаралық жобаға Қазақстан алғаш рет қатысып отыр.

Авторы: Ақзер Сегізбай