Канаданың шығыс жағалауында Фиона дауылы ойран салды

Канаданың шығыс жағалауында Фиона дауылы ойран салды

Ойран салған қатты жел мен нөсерлеген жауын материалдық шығынға ұшыратып, жарты миллион үйде электр қуаты өшті. Сондай-ақ 73 жастағы әйелді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бірқатар муниципалитеттерде төтенше жағдай жарияланды. Дүлей дауылдан бірнеше провинция зардап шеккен. Әсіресе Ньюфаундленд тұрғындарын әуреге салды. Қатты соққан жел үйлерді қиратып, ағаштарды тамырымен жұлып алған, жолдар су астында қалды. Желдің әсерінен көтерілген толқын 12 метрге жетіп, жағалау тұрғындары эвакуацияланды.

Тони, жергілікті тұрғын:

- Өте қорқынышты. Дауыл күні отбасымызбен үйде осы жерден алыс емес жерде болған едік. Мына екі ғимаратты үлкен толқындар басқанына куә болдық. Оларды толығымен шайып кетті. толқындардың құйылғанын көрдік. Біз мұндай қатты дауыл болады деп күтпедік.