Канада Қазақстан үшін виртуалды ауылшаруашылық көрмесін ұйымдастырды

Қазақстан мен Канада мал және өсімдік шаруашылығы саласында бірқатар жобаны жүзеге асыруда. Бұл бағыттағы ынтымақтастықты тереңдетуге Канада тарапы ұйымдастыратын виртуалды ауылшаруашылық көрмесі тың мүмкіндіктер ашады. Іс-шара аясында қазақстандық аграршылар агроөнеркәсіп саласындағы канадалық озық технологиялармен таныса алады.

Ақылбек Камалдинов, Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

- Канада агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бай тәжірибеге ие екені белгілі. Екі ел арасында климаттық ұқсастық қана емес, одан басқа Канада ауылшаруашылық саласындағы жаһандық көшбасшылардың бірі болғандықтан, біздің еліміз үшін үлкен қызығушылық тудырады. Еліміздің бәсекеге қабілетін арттыру үшін жаңа технологияларды енгізу жөніндегі стратегиялық міндеттеріне сәйкес келеді.