Қазақстанда азық-түлік өндірісі өсті

Қазақстанда азық-түлік өндірісі өсті

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені өткен жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында ең жоғары өсімді көрсетіп, алға шықты. Бұл туралы Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық макрокөрсеткіш бойынша оң динамика байқалады. Жалпы өнім көлемі 6% артып, 6,3 трлн теңгені құрады. Мұндай нәтижеге Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бірде-бірі қол жеткізе алмады.

Сонымен қатар Қазақстанда азық-түлік өндірісі 4% өсті, ал бұл салаға инвестициялар ағыны 15%, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 22% ұлғайды. Британдық азық-түлік қауіпсіздігі жаһандық рейтингінің қорытындысы бойынша біздің еліміз бірден 16 позицияға көтеріліп, 113 елдің ішінен 32-орынға ие болды.