Елімізде инвесторлармен жұмыс істейтін арнайы топ құрылды

Қазақстанда әлеуетті инвесторлармен жауапты келіссөздер жүргізетін Task Force арнайы тобы құрылды. Ондағы мақсат – инвестициялық жобаны басынан жүзеге асқанға дейін сүйемелдеу.

Бүгінгі таңда арнайы жасақталған команда міндеттерін атқаруға кірісіп кетті. Негізінен агроөнеркәсіптік кешен, химия, мұнай, машина жинау, металлургия сынды салаларға қатысты бастамалар қолға алынған. Қазір топ құрамына Kazakh Invest және «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметкерлері тұрақты мүшелер ретінде кірді. Сондай-ақ оның жұмысына мемлекеттік орган, бизнес қауымдастық пен елшіліктердің өкілдері тартылған. Инвесторлармен бірлесе пысықталатын нақты жобалар ел Премьер-Министрінің жетекшілігімен инвестициялық штабтың қарауына шығарылатын болады.

Азамат Қожанов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілі:

- Біздің алдымызда жақын арада ұлттық деңгейде қолға алынатын жобалар пулының жоспарын құру мақсаты тұр. Қазіргі уақытта осы лекке жалпы құны 4 млрд доллардан асатын 14 бірдей әлеуеті зор жоба енгізіліп отыр. Алдағы жұмыстың барысында олардың қатары толықтырылып тұрады. Аталмыш топ жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды әзірлеу, құрылымдау үрдісінен бастап оларды іске асырға дейін толықтай сүйемелдеуді қамтамасыз ететін болады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов