Астанада ШЫҰ мүше мемлекеттер Бас прокурорларының ХХ отырысы өтті

Астанада ШЫҰ мүше мемлекеттер Бас прокурорларының ХХ отырысы өтті

Әлемде жыл сайын шамамен 2 триллион доллар немесе әлемдік ЖІӨ-нің 5% дейін қолды болады. Ал ұйымға мүше мемлекеттердің тауар айналымында 600 миллиардтан астам қаражат көлеңкеде қалады. Бұл туралы Астанада ШЫҰ мүше елдер бас прокурорларының ХХ отырысында айтылды. Шараның басты мақсаты – трансшекаралық экономикалық қылмыстың жағдайын талқылау. Кездесу барысында тек көлеңкелі бизнес туралы ғана емес, қылмыстық кірістер мен заңсыз қаржылық ағындарды легализациялау туралы да сөз қозғалды. Қадағалау органдарының өкілдері мұндай көріністермен бірлесіп күресуге ниетті.

Берік Асылов, ҚР Бас прокуроры:

– Бүгін біз шетелден қылмыстық жолмен алынған активтерді қайтару бойынша ынтымақтастықты ұйымдастыру мәселелерін талқылаймыз. Қазір ШЫҰ-на мүше елдер дүниежүзілік ішкі жалпы өнімнің төрттен бірін құрайды. Әрине, жоғары экономикалық өсім әрқашан көлеңкелі бизнес, қылмыстық кірістерді заңдастыру, активтерді шетелге заңсыз беру сияқты келеңсіз процестермен қатар жүреді.