«Kazakhstan Machinery Fair-2022» халықаралық көрмесі

Елордада әлемнің 17 елінен 250-ге жуық компания машина жасау және металл өңдеу халықаралық көрмесіне қатысуда. Іс-шара бас шаһардағы ЭКСПО көрме орталығында ұйымдастырылған. Алаңға Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдерінің қатысушылары жиналды.  Көрме павильондарында компаниялар тек машина жасау саласының ғана емес, сондай-ақ медициналық, тау-кен металлургия, химия және басқа да өнеркәсіпті дамытуға пайдалы заманауи өнімдерді қойған.

Игорь Пасичнык, инжинирингтік компанияның кеңесшісі, Швейцария:

– Біздің компания Еуропада қолданылатын ноу-хау технологияларды ұсынады. Отандық өндірушілерге біз заманауи технологияларды, әрбір кәсіпорынның табысын бірнеше есе арттыра алатын құралдарды ұсынамыз. Біз инжиниринг саласындамыз, бізде сіздің кәсіпорныңызды заманауи және табысты ететін мамандардың өте үлкен тобы жұмыс істейді.

Бұл халықаралық компанияның өнімдері көрме қонақтарының назарын бірден аударды. Бүгінде ең жаңа жоғары технологиялық жабдық ТМД елдерінің нарығында, оның ішінде Қазақстанда өз өзін әлдеқашан дәлелдеп үлгерген. Құрылғы бөлшектерді өлшеп, жұмыс істемейтін тұсын тауып импортталғанына ауыстыруға мүмкіндік береді.

Константин Панькин, Халықаралық дистрибьюторлық компанияның өкілі:

– Бұл машиналардың негізгі функциясы кері қимыл инженериясында болып табылады. Ол модель ретінде болашақта осы бөлшектерді қайта құруды жоғары дәлдікпен өлшеу кешенін жасауға мүмкіндік береді. Біздің машиналар Қазақстанның мемлекеттік тізіліміне енгізілген, бұл стандартқа сәйкес тексеруді тікелей жүргізуге жағдай жасайды. Біз барлығына үлкен ден қоямыз. Басқалардан қызығушылық туып отырғаны бізді қуантады және Қазақстанның нарығына, бизнеске, кәсіпорындарға, қорғаныс өнеркәсібіне және басқа салаларға тікелей пайдалы болатындығымызға сенеміміз мол.

Шараға қатысушылардың айтуынша, көрме алаңы оларға өз өнімдерін таныстурға және бизнес-серіктестермен ынтымақтасуға ғана емес, сондай-ақ пайдалы байланыстармен алмасуға және өнімдерін одан әрі дамыту үшін жаңа идеялар ойлап табуға бірегей мүмкіндік береді.