Қазақстанда машина жасау өндірісі 37%-ке өсті

Қазақстанда машина жасау өндірісі 37%-ке өсті

Қазақстанда машина жасау өндірісі жарты жылда 37%-ке өсті. Ал, салаға тартылған инвестициялар көлемі 23%-ке ұлғайды. Бұл туралы Үкіметте машина жасауды дамыту мәселелері жөнінде кеңес барысында айтылды. Министрлер кабинетінің жетекшісі Әлихан Смайылов отандық өндірісті қолдау шараларымен қамту кеңейтілетінін жеткізді. Сондай-ақ, сатып алулар кезінде жергілікті қамтуды ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігіне назар аударды. Премьер-министр осы бағыттар бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.