Қазақстандықтар құны 30 миллиард теңгеге өзі өнімін шығарған

Қазақстанның үй шаруашылықтары 2022 жылдың бірінші тоқсанында 30 миллиард теңгеге жуық өнім өндірді. Олардың басым бөлігі нан пісірумен айналысқан. Мәселен, үш айда 9 миллиард теңгеге жуық өнім дайындалған. Тауар өндіру бойынша алғашқы үштікке нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, қаймақ және басқа да сүт өнімдері кіреді. Сондай-ақ, қазақстандықтар 3 млрд теңгеден астам қаражатқа май, шұжық және ет өнімдерін нарыққа ұсынған. Жалпы құны – 2 млрд теңге шамасында. Аймақтар  арасында  Алматы облысындағы шаруашылықтар ең көп тауар дайындады. Одан кейін Түркістан мен Павлодар келеді. Бұл тізімде Маңғыстау облысы көш соңында тұр.