Елімізде мұнай нарығындағы қатысушылар санын арттыру ұсынылды

Мұнай өңдейтін зауыттар шикізатты жер қойнауын пайдаланушылардан тікелей сатып алуы, қара алтынның биржалық сауда-саттығын еңгізу және оның көлемін ұлғайту маңызды. Еліміздің мұнай нарығындағы жағдайды жақсартуға қатысты бұл ұсыныстар экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында көтерілді. Осы текті ережелер тауарлық газ нарығынада қатысты айтылды. Бұл жабдықтаушы ұйымдарға оны тікелей және бәсекелестік негізде алуға мүмкіндік береді. Әлихан Смайылов мүдделі органдарға бұл тәсілдерді ел экономикасына әсер ету тұрғысынан қосымша талдауды тапсырды. Үкімет басшысы авиаотынмен биржалық сауда үлесін 10-нан 20%-ға дейін арттыру, әуежайларда ашық аспан режимін қолдану мерзімін 3-тен 5 жылға дейін ұлғайту, ел ішіндегі банктер арасында клиенттердің ағымдағы шоттарын аудару жүйесін және ашық бағдарламалық интерфейстер стандарттарын енгізу қамындағы ұсыныстарды қолдады.

 

Автор:  Жеңіс Ермұқанов