АХҚО арқылы Қазақстанға 6,2 млрд доллар инвестиция тартылды

АХҚО арқылы Қазақстанға 6,2 млрд доллар инвестиция тартылды

6 млрд доллар. «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы Қазақстанға осынша сомада инвестиция тартылды. Бұл мәліметті қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты. Бүгінгі таңда қаржы хабында әлемнің 63 елінен 1 200-ден астам компания тіркелген. 18 қазақстандық және 11 халықаралық брокерл АХҚО биржасының сауда мүшелері болды. Орталықтың қаржы қызметтерін реттеу комитетінен лицензия алған компаниялардың саны былтыр екі есе артып, 46-ға жеткен. Сонымен қатар «Астана» халықаралық қаржы орталығы алғаш рет Ислам банкі мен Ислам қаржыландыру компаниясына лицензия берді.