Шетелдік инвестиция 50% артты

Қазақстан экономикасына өткен жылдың 9 айында 18,7 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 49% көп. Өсім барлық салада байқалады. Мәселен, өңдеу өнеркәсібіне құйылған инвестиция 53%, сауда саласы 60%, білім мен денсаулық сақтау саласына бағытталған қаржы 56% өскен. Ал республикаға инвестиция құйған елдердің көш басында 5,4 млрд доллар қаржы салған Нидерланд тұр. Одан кейін АҚШ 3,1 млрд, Швейцария 1,9 млрд, Қытай 1,5 млрд доллар құйыпты. Бестікті Ресей түйіндейді. Көрші мемлекет Қазақстан нарығына 1,3 млрд доллар инвестиция жұмсаған.