Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі таныстырылды

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі таныстырылды

Машина жасау, энергетика, баламалы энергия көздері және жаңа технологиялар. Қазақстан мен Германия дәл осы салаларда ынтымақтастық аясын кеңейтпек. Еліміз инновациялық жобалары бар жоғары технологиялық компанияларды республикаға тартуға мүдделі. Сонымен қатар отандық экономикаға қаржы құюға мүдделі неміс компаниялары да аз емес.

Мейрам Пішембаев, ҚР Машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы:

- Мақсатымыз – ортақ тіл табыса отырып осы технологияларды елімізге әкелу, өндірістерді ашу. Сондай-ақ маман даярлау, кәсіпорындарды цифрландыру мен роботтандырудың маңызы зор. Кездесуге қатысушылардың өзара байланыс орнатуға мүмкіндіктері бар.

Вольфганг Кропп, Швед-Герман компаниялар тобының президенті:

- Бұл Қазақстандағы алғашқы жобамыз болғалы тұр. Біздің кәсібіміз жаңғыртылатын энергия саласымен байланысты. Швецияда ең ірі жобаның бірін жүзеге асырдық. Қазақ жері күн батареялары мен жел саябақтарын салуға өте қолайлы.