Қазақстандықтар арасында алтынға сұраныс артып келеді

Қазақстандықтар арасында алтынға сұраныс артып келеді

Тек қыркүйек айының өзінде екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пунктері арқылы 108 килограмнан астам өлшеуіш құймасы сатылды. Ал жыл басынан бері қазақстандықтар қымбат металдың 823 келісін немесе 23 мың данасын сатып алған. Осылайша биылғы сатылым 2019-2020 жылдардағы көрсеткіштерге қарағанда 45% артық. Ақшамен есептесек, сатылған алтынның көлемі шамамен 47 млн долларды құрайды. Негізгі сатып алушылар – Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау тұрғындары. Сарапшылардың пікірінше, сұраныстың бұлай өсуі халықтың белгілі бір бөлігінде қолда бар кірістердің айтарлықтай өсуіне байланысты. Сондай-ақ зейнетақы да артық пайдаланылуы мүмкін. Мұндай сатып алу адамдарды инвестициялау құралы ретінде қызықтырады. Бұл ретте нарықтағы алтын тұрақты түрде қымбаттап жатқанын айта кеткен жөн.