Отандық ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 2 есеге артады

Отандық ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 2 есеге артады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында 582 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Олардың жалпы құны 4 трлн теңгеден асып жығылады. Бұл туралы еліміздің 2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның мақсаттары мен міндеттері баяндалған брифинг барысында айтылды. Ауыл шаруашылығы министрінің дерегінше, осы аралықта саланың еңбек өнімділігі 2,5 есеге артуы тиіс. 500 мың жаңа жұмыс орны ашылып, бір млн ауыл еңбеккерінің табысы өседі. Оның сөзінше, өз-өзімізді толықтай төл өніммен қамтамасыз ететін күннің аясы алыс емес. Сырттан жеткізілетін тауарлардың дені отандық үлгіге алмасып, импорт тәуелділігі төмендейді. Бұл ретте Қазақстанда жасалатын тауарлардың бәсегеге қабілетін арттыру үшін сапа жағына аса ден қойылады. Есесіне экспорт еселене түспек.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Бүгінгі таңда инвестициялық жобалар пулында 194 жоба бар. Бұл өндірістің қосымша өсуін және қосымша экспортты қамтамасыз ететін жаңа өңдеу жобалары болып саналады. Сайып келгенде агроөнеркәсіптік кешеннің экспортын, жалпы көлемдегі өңделген өнім үлесін 70% дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есе ұлғайту туралы алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов