Алдағы 10 жылда Қазақстанда газ өндіру ұлғаяды

Алдағы 10 жылда Қазақстанда газ өндіру ұлғаяды

Алдағы 10 жылда Қазақстанда газ өндіру 40% ұлғаяды. Сарапшылық компанияның болжамы бойынша Қазақстан жылына кемінде 70 млрд текше метр газ өндіреді. Олардың жартысына жуығы қайтадан пластқа жіберіледі. Бұл кен орындарының қабаттық қысымын сақтау үшін қажет. Өңделген 27 млрд газдың 17 млрд текше метрден астамы ішкі нарыққа, ал қалғаны экспортқа бағытталған. Жалпы соңғы жылдары бұл шикізатты тұтыну көлемі артқан. Соңғы 5 жылда Қазақстанда тауарлық газды тұтыну 63% ұлғайды.