Қазақстан 120 мың тоннаға жуық алюминий экспорттады

Қазақстан 120 мың тоннаға жуық алюминий экспорттады

Қазақстан жыл басынан бері 120 мың тоннадан астам алюминий экспорттады. Оның жалпы сомасы 250 мың доллардан асады. Отандық металдың негізгі сатып алушылары – Түркия, Грекия, Хорватия, Италия, Швейцария, Қытай, Черногория және Өзбекстан елдері. Сонымен қатар алюминийдің импорттық жеткізілімдері де бар. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, осы жылдың 7 айында әкелінген көлем 550 тоннаға жуық. Ведомства мамандары металл бағасы қымбаттағанын, бірақ оған Гвинеядағы әскери төңкеріс әсер еткен етпегенін нақты айта алмайды. Ал «Bloomberg» ақпараты бойынша, осы оқиға аясында Лондон биржасындағы алюминий құны 10 жыл бұрынғы рекордты жаңартты. Яғни тоннасы шамамен 3 мың долларға бағаланды. Оның себебі әлемдік өндірістің төрттен бірі Гвинея елінің үлесінде.