Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенінің жобасы әзірленді

Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенінің жобасы әзірленді

Қазақстанда 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенінің жобасы әзірленді. Құжат жедел және орта мерзімдерге арналған екі бағыт бойынша 70 шарадан тұрады. Ол бағалардың өсуіне тұсау болуға бағытталған қадамдарды және инфляцияның қарқынын бекітілген нысаналы дәлізге кіргізуге бағытталған жүйелі жұмыстарды қамтиды.

Шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу мақсатында Сауда және интеграция министрлігі қарамағында тұрақты жұмыс істейтін операциялық штаб құрылады. Құрамына орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары кіреді. Талқылаудан кейін Үкімет аталған жобаны мақұлдады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов