Қазақстанда ұн бағасы өсуі мүмкін

Орталық Азиядағы құрғақшылық жағдайына байланысты бидайдың экспорттық бағасы күрт өсті. Астық одағының хабарлауынша, соңғы апталарда қазақстандық астық бағасы да қымбаттаған. Импорттаушылар үшінші сұрыпты бидайдың тоннасын 265 долларға бағалап отыр. Теңгеге шаққанда 112 мыңнан асады. Сонымен қатар ішкі баға да 105 мың теңгеге дейін өсті.

Одақ сарапшылары бидай бағасының күрт өсуі Қазақстандағы ұн бағасына әсер етеді деп жоспарлап отыр. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі болжам бойынша тауарлар бағасының өсуін тежеу үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясына кемінде 200 мың тонна бидай мен сол мөлшердегі жемдік астықты қосымша сатып алу қажет.

Авторы: Әсел Күшенғалиева