Биыл елде бидай түсімі азаяды

Орташа есеппен гектарынан 8,8 ц өнім алынады. Мұндай болжамды Қазақстанның егіншілер одағы жасады. Бір ай бұрын 10 ц болады деп болжанған еді. Басты себеп – қуаңшылық. Одақ төрағасы Виктор Аслановтың айтуынша, маусым айындағы жауын-шашын да жағдайды өзгерте алмаған. «Ал егер жиын-терім кезі жаңбырлы болса, жоғары сапалы өнім алу мүмкін болмай қалады», – дейді сарапшы.

Жалпы ішкі нарықтағы ұсыныс өткен жылмен салыстырғанда шамамен 12 млн 800 мың тоннаны құрап, жарты млн-ға қысқаруы мүмкін. Оның жартысынан азы ішкі тұтыну үшін ғана жеткілікті. Соған қарамастан қазір қалыптасқан көңіл көншітерлік болжамдардың өзінде бидай экспортқа шығарылады. Қуаңшылық Қазақстанды ғана емес, Орталық Азия елдерінің біразын титықтатып жіберді. Бұл дегеніміз ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың көбеймесе, азаймайтынын білдіреді.

Виктор Асланов, Қазақстанның егіншілер одағы төрағасы:

- Біз азық-түлік дағдарысына қауіп жоқ екеніне көз жеткіздік, Қазақстан өзін астықпен қамтамасыз ете алады. Алайда салалық кәсіподақ мүшелері тәуекелдерді барынша азайту қажет деп есептейді. Бидайды экспорттауға квота енгізуді ұсынамыз. Осылайша аграршылар өз беттерінше астықты шетелге экспорттауға шамасы келетіндей мөлшерді өздері белгілеуі керек. Бұл диірменшілер үшін карт-бланштың бір түрі әрі олар экспортқа шығу мүмкіндігінен қағылмайды. Мұндай ұсыныс ешкімнің құқығын бұзбайды және ең бастысы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.