Қазақстанда бензин 32 елдің ішінде ең арзан деп танылды

Ең арзан бензин Қазақстанда. Ресейлік рейтинг агенттігі сарапшыларының зерттеу нәтижелері бойынша, 32 мемлекет арасында отын құны біздің елде ең төмен болып шықты.

Зерттеушілер осы жылдың ортасында Еуропа елдерінде АИ-95 бензині мен дизель отынының бағасын салыстырған. Қазақстанда бензиннің 1 литрі 197 теңге шамасында, ал дизель отынының бағасы 193 теңге көлемінде болғаны анықталды. Осылайша біздің республика арзан отын бойынша бірінші орынға шықты.

Ал бензин құны 283 теңге шамасында болған Ресей екінші, Беларусь үшінші орынға орналасты. Мұнда жанар-жағармайдың құны 334 теңге көлемінде. Ал ең қымбат бензинді Нидерланды тұрғындары сатып алатыны белгілі болды. Мұнда сұйық отынның 1 литрі 934 теңгені құрайды.