Өзбекстандағы форум: қазақстандық кәсіпкерлер 52 млн долларға келісімшарт жасасты

Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпкерлері ынтымақтастық аясын нығайта түсуде. Көрші республикада екі елдің іскер топтары арасында форум өтті.

Форум барысында қазақстандықтар құны 52 миллион долларды құрайтын 7 келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар қатысушылар трансшекаралық ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, Өзбекстан тауарының  жартысынан көбі біздің ел арқылы өтеді. Сәуір айында құрылысын екі үкімет басшылары бастаған «Орталық Азия» шекара орталығы оның одан әрі дамуына үлкен көмек болмақ.

Айта кетейік, сарапшылардың пікірінше екі елдің тауар айналымы жыл басынан бері айтарлықтай өсіп, 1,5 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 46% жоғары.