Ұлыбританияның Премьер-Министрі оттығын кімге сыйлады?

05.01.2022, 12:24

Қазақстан үшін жетпісінші жылдар тоқырау емес, гүлдену мен даму кезеңі болғаны кімнің арқасы? Фидель Кастро мылтығын, ал Ұлыбритания Премьер-Министрі оттығын кімге сыйлады? Кеңес Одағының мүддесін әлемдік аренада бір емес, бірнеше рет қорғаған адам қалай өмір сүрді? «Қазақстанға қош келдіңіз!» жобасының жаңа шығарылымынан білесіздер.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты ел тарихындағы ең жемісті жұмыс істеген басшы деуге болады. Ол Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінде бірінші хатшы қызметін атқарған жылдары республикада қырықтан астам жаңа қала пайда болды. Бүгінде олар елдегі барлық ірі елді мекеннің жартысына жуығы. Сол жылдары Медеу тоғаны, «Қазақстан» қонақүйі және Алматының символдарына айналған басқа да маңызды нысандар бой көтерді.