Қазақ мемлекетін құруға атсалысқан тұлғалардың бірі – Хайретдин Болғанбаев

20.12.2021, 12:58

Алашордалықтардың бірінші дүниежүзілік соғысы тарихындағы орны, Қоқанд автономиясы, Мағжан Жұмабаевтың махаббат жайлы жырлары. Ұмытылмас есімдер. Хайретдин Болғанбаевтың соңғы күзі. Барлығы «Құмсағат» бағдарламасында!

Хайретдин Болғанбаевтың соңғы күзі

Ол ғажайып түс көрді. Түсінде ақша бұлттардың арасынан көрінген күн сәулесі саялы бағы мен су бұрқақтары, ғажайып пішінді үйлері бар ғажайып шаһарды нұрға бөлеп тұр екен. Бақытты отбасылар, оқу орнына асыққан студенттер жасыл желекпен көмкерілген саяжолда кетіп барады. Ертегі қала, арман қала...

Хайретдин Болғанбаев өмірінің соңғы күзінде не жайлы ойлады, нені армандады, ол жағы, әрине, беймәлім. Оның күреске толы қысқа ғұмырының біз білмейтін тұстары көп.