Ресейдің ауылдарында тұратын қандастардың үйлену тойлары қалай өтеді? «Қандастар»

29.12.2021, 16:55

Омбы – тарихи тұрғыдан алғанда Ресейдің Қазақстанға ең жақын аймағы. Бұл қалада Ресей Федерациясындағы үшінші ірі қазақ қауымдастығы бар. Көптеген қандас туған жеріне оралған, ал қалғандары өз түп-тамырын ұмытқан емес. Қазақстанда тұратын ағайындарымен жақын араласып, барыс-келіс жасап тұрады. Омбының ауылдық аймағында тұратын қазақ ағайындарымыз мал шаруашылығымен айналысады, қымыз ашытып сатады және мейрамдарда ет асып, дастарғанға қояды.

Орыс ауылдарында тұратын қандастарымыздың үйлену тойының қалай өтетінін «Қандастар» деректі фильмінің осы санынан тамашалаңыздар!