Өзбекстанның Науаи облысындағы этникалық қазақтар

21.12.2021, 14:53

Өзбекстанның Науаи облысында 100 мыңнан аса этникалық қазақтар тұрып жатыр. Бұл жерде Қазақ мәдени орталығы, қазақ тілінде сабақ беретін мектептер, тіпті педагогикалық институтта қазақ тілінде дәріс беретін факультет те бар. Облыс тұрғындарының көбі Қазақстанға көшіп кеткен. Ал осында қалғандарының негізгі жұмысы – ауыл шауашылығы.

Бұл шығарылымның бас кейіпкерлері – Науаи облысы Қазақ мәдени орталығының басшысы, мұғалім әрі бизнеспен айналысатын ханым, сондай-ақ Кәнимех, Тамды, Қарақата, Үшқұдық ауылдарының тұрғындары. Кейіпкерлеріміздің өмірі туралы «Қандастар: Қарақатадағы өмір» атты жобадан тамашалаңыздар!