Өмір жолы дерекке бай – театр әртістері

14.01.2022, 16:17

Бұл шығарылымда өмір жолы дерекке бай театр әртістері, әлемдік сахнада өнер көрсетіп жүрген өнерпаздар туралы айтамыз. Биік белестерді бағындырған жерлестеріміздің жетістігін мақтанышпен жеткіземіз. Ендеше Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры солистерімен таныс болыңыздар.

Дамир Садуахасов – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының солисі. Лирикалық дауыс иесі.

Таир Тәжі – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының бас солисі. Көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты.

Андрей Трегубенко – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының солисі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.

Гүлвира Құрбанова – балет труппасының жетекші солисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Жәнел Төкеева - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының балет труппасының жетекші солисі.

Мұрат Төкеев — балет әртісі әрі педагог, жеке орындаушы, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының сахна шебері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.

Азамат Асқаров - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының балет труппасының жетекші солисі.